Көрермен жиналмады
ҚР Халық әртісі, 65 жастағы Роза Рымбаева Амал мерекесіне орай Ақтау қаласында концерт өткізген. Бірақ көрермен жиналмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның концерті қаладағы 15-шағын ауданда өтуі керек болған. Бірақ бұл күні құтқару қызметі Маңғыстау облысының тұрғындарына секундына 20 метрге дейін жел соғатыны туралы хабарлама жіберген. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, әнші концертін өткізу туралы шешім қабылдап, жиналғандар алдында өнер көрсетті.
«Біз концертті кейінге қалдырғымыз келген, бірақ Роза Рымбаева бұған үзілді-кесілді қарсы болды. Ақтау тұрғындары аптап ыстықта да, аязды күні де, дауылда да, тіпті сусыз қалған күндері де осы қаланы тұрғызды. Сондықтан бұл концерт – Ақтау тұрғындарына деген құрмет», - деген әнші.
Оның кешінде 50-ге жуық адам ғана келген. Желі қолданушылары өнер иесінен ұят болғанын жазып жатыр.
«Ешкім келмесе де, гонорарын алады ғой. Оған бәрібір», «Әкімшіліктен басқа ешкім келмеген бе?», «Фонограммамен құлақтан теуіп кетеді», «50 адамға концерт беріп тұр ма?», «Концерті қызық емес», «Қоя салу керек», - деген пікірлер бар.