Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмекке өз үлесін қосты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды.
Айта кетейік, бүгін Ақтөбеге әнші Димаш Құдайберген келіп, № 40 орта мектептегі эвакуациялық пунктке барды. Онда тұрғындармен кездесті.
Сонымен бірге гуманитарлық көмек орталығындағы жұмыспен танысты. Мұнда еріктілер күні-түні жұмыс істеп жүр.
Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ләззат Оразбаева әсіресе ГАЗель жүргізушілерінің осындай қысылтаяң кезде жасаған көмегі жайында әңгімелеп берді.
Олар күнделікті аудан-ауданға гуманитарлық көмекті тегін тасымалдайды.