Ғалым Рымбаев та өнерден алыс емес
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның туған ағасы Ғалым Рымбаев та өнерден алыс емес. Аккордеон тартқан, өзі де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ұзақ жылдары филормонияда қызмет еткен ол қазір зейнетке шыққанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Роза Рымбаевның туған ағасымын. Қарапайым адамбыз. 40 жыл мектепте, оркестерде істедім. Қазір зейнетке шықтым. Зейнетақым аса көп емес. 130 мың теңге аламын. Қанағат дейміз, тәубе», - дейді Ғалым Рымбаев.
Желіде пікір жазғандар қарындасы екеуі бір-біріне қатты ұқсағанына ерекше мән беріпті.
«Розаға қатты ұқсайды екен», «Аумай тұрсыз аға», Өте жас көрінеді», «Розаның кіші ұлы Мәди сізге тартқан», «Несібеніз мол болсын», «Спарта» КВН командасында ойнайтын Олжас Рымбаевтың әкесі», «Бұл адам қиналып жүрген жоқ қой», «Мықты музыкант», - деген пікірлер бар.