«Димаш жоқ кезде де әрекет еткенбіз»: Гүлзира Айдарбекова Димашпен салыстыратындарды орнына қойды

Qaz365.kz редакциясы

 Танымал продюсер сынға алған оқырмандарына шүйлікті

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/

Әнші Қайрат Нұртастың анасы,  танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмектесуге байланысты Димашпен салыстырып, сынға алған оқырмандарына шүйлікті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде өнер адамдары Димаш көмектескеннен кейін ғана қимылдай бастағанын айтып, мазасын алған.

«Димашты көрінген жерде айтып, деңгейін түсіре бермеңіздер. Ешкім Димаш бола алмайды, оған Аланың берген бағы. Өнер адамдары Димашты аңдымай-ақ қай кезде болмасын елдің басына іс түскенде қарап калған кезі болған жоқ. Бәрі пенде, бәрінің жүрегі бар. Міне, қанша айтып жазып жатырмын, бір-бірімізді күндемейік, елді кері пікірге итермелеп өсек айтпайық. Мына болып жатқан жамандық атаулы сол қара ниетімізге көрініп жатыр деп, сөзді бұрмалаған түсінігі жоқ адамдарды мен халық деп ойламаймын. Олар арандатушылар. Бәріміз бір қазақтың баласымыз осыны түсіну керек»,- дейді жазды Айдарбекова Instagram парақшасында.

Бірақ сонда да адамдардың көңілі толар емес. «Показуха керек емес» деп жатқандар бар.