Украиналық журналист Дмитрий Гордонның ұлы Димашқа ән жазып берді

Qaz365.kz редакциясы

Дмитро Гордон соңғы 6 жыл бойы Димаштың шығармашылығын үлкен қызығушылықпен бақылап келе жатқанын айтады

Сурет ашық дереккөздерден

26 сәуірде әлемдік музыкалық платформаларда әнші Димаш Құдайбергеннің «Smoke» атты жаңа трек-әні шықты. Жаңа туындының композиторы Димаштың өзі. Ал мәтіннің авторы – Кэндис Келли және қосалқы автор Дмитро Гордон, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бір ай бұрын жарық көрген «When I’ve got you» туындысы – қазақстандық композитор Димаш Құдайберген, мәтін авторы АҚШ-тан келген Кэндис Келли және музыкалық продюсер Дмитро Гордонның бірлесіп жасаған жұмыстарының жемісі. DimashNews сайты Дмитрий Гордонмен жаңа әннің тұсаукесері мен шығармашылық ынтымақтастық туралы әңгімелескен сұхбатын жариялады.

«Осы кезге дейін мен жұмыс істеген әртістерге қарағанда, Димаш эксперимент жасауда әлдеқайда ашық. Әртістердің көбі тың эксперимент жасаудан жасқанады, қалыптасқан аудиториясын үркітіп алудан қорқады. Сөйтіп жүріп, олардың шығармашылық репертуары біраз уақыттан кейін тоқырауға ұшырайды.

Бүгінгі таңда мен білетін әртістердің ең батылы – Димаш. Ол өзінің жанкүйерлері Dears-ты қатты құрметтейді, бірақ сонымен бірге өнерде жаңашылдықтан да қорықпайды. Біздің шығармашылық ынтымақтастығымыз достыққа ұласты. Сол үшін менің алғысым шексіз. Сіздер «Битлзден» сұраңыздар. Музыканы тек әріптес ретінде емес, дос ретінде жазу әлдеқайда шынайы және қызықты», - дейді ол сұхбатында.

Дмитро Гордон соңғы 6 жыл бойы Димаштың шығармашылығын үлкен қызығушылықпен бақылап келе жатқанын айтады. Оның World’s Best байқауына қатысқанын, «Akkuym» және «Across Endless Dimensions» әндеріне түсірілген бейнебаяндарының премьерасын және Игорь Крутоймен шығармашылық ынтымақтастығын үнемі бақылаған. 

«Димаштың өнерін әр тыңдаған сайын мен оның ерекше талантына басымды идім», - дейді ол.

Дмитро Гордон украиналық белгілі журналист Дмитрий Гордоның ұлы.