Әншінің былапыт сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді
Белгілі хитмен, эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әншінің былапыт сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді.
«Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп жазды Polisia.kz.
Бұған дейін қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға салынатын айыппұл айтарлықтай өсетіні хабарланған болатын.