Қарындасын ұзатқан «Миллион» командасының капитаны құдаларға бірден талап қойды

Qaz365.kz редакциясы

Қанат Тасхан  - шымкенттік «Миллион» жайдарман тобының капитаны

Скриншот

«Миллион» жайдарман тобының капитаны Қанат Тасхан қарындасын ұзатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қымбатты құдалар, құдағилар төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Айтар тілегіміздің соңғы түйіні тастай батып, судай сің. Одан басқа ештеңе айтпаймыз. Бірақ сол тастың батып кетуі теңізге де байланысты. Әр толқыны ашулы келіп, сол тасты ұра берсе, жаға шығып қалады. Сондықтан құрметті құдалар қауымы – әдемі тасты теңіз түбінде жатқызар маржандай батырып алатын сіздер. Суды да сіңіріп алу топыраққа да байланысты. Ашығын айту керек, қадірлеңіздер», - деді Қанат Тасхан.

Желі қолданушылары да өз пікірлерін білдірген.

«Сөйлейді алады екенсің, мыжа бермей қызды жіберсендерші», «Не деген әдемі сөздер, өте дұрыс айтты», «Түсінігі мол жігіт екені көрініп тұр», «Ағалар тойды ашып, сөз сөйлеу сәнге айналған ба? Әйтпесе, ата-анасы бар еді ғой», «Жас жігіттің бұлай сөйлегені дұрыс емес», «Жаттап алатын сөз екен», «Әдемі, мағыналы тілек айтылды», – деген секілді саналуан пікірлер жазылған.

Айта кетейік, Қанат Тасхан  - шымкенттік «Миллион» жайдарман тобының капитаны. Көпшілікке «Жездуха» веб-сериалы арқылы танымал болған.