Димаш Құдайберген 30 жасқа толды: әнші концертіне шақырды

Qaz365.kz редакциясы

Әнші тыңдармандарын Стамбұлдағы концертіне шақырды

Видеодан скриншот

Айтулы шарада Rams Qazaqstan  қазақ пен түрік елінің достығын, өнері мен мәдениетін дамытып, ақпараттық қолдау мақсатында 40-қа жуық журналистер мен блогерлердің басын қосып, Стамбулға келулеріне демеушілік жасады. Мақсат – халықаралық деңгейдегі әншіні қолдап, қос ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Димаш Құдайберген – 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде өнерлі отбасында дүниеге келген. Елімізге белгілі әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтар жастайынан өнер жолына баулып, шығармашылықпен айналысуына ерте жастан ден қойған. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген – Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрада вокалы» мамандығын үздік тәмамдаған. 

Димаш –  бала кезден түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген –  MTV Music Awards жүлдесінің иегері, "Азияның ең танымал әншісі", "Халықаралық деңгейдегі ең танымал әнші", "Жылдың ең үздік әншісі" номинацияларының жеңімпазы. 

Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде Димаштың халықаралық фанклубтары бар. Сүйікті тыңдармандары ол үшін тіпті қазақ тілін де үйреніп алған.