Стадионда ине шаншар орын болмады
Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген Түркияның Стамбұл қаласында кеш өткізді. Өзінің 30 жас туған күнімен тұспа-тұс келген кеште әнші қазақ халқының атынан түркиялық көрерменге алғысын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ат айналып қазығын табады демекші», шаңыраққа қарап түрікше және ағылшынша сөйлеп жатырмыз. Менің де өз сүйікті отаным, тілім, ата-жұртым бар. Рұқсат болса, барша қазақ халқының атынан, барша тілеуімді тілеп жүрген қазақ ағайындардың атынан осында жүрген түрік ағайындарға және тыңдармандарға мың тағзым, рахмет айтамын», - деді Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, Димаштың концерті Стамбулдағы «Бешикташ» командасының «Водафон Парк» стадионында өтті. Әлемнің 41 елінен көрермен келді. 42 мыңға жуық көрермен болған стадионда бос орын болған жоқ.