Әншінің әшекей бұйымдарына да жеке тоқталған
Әлеуметтік желіде танымал стилист Жансая Әміршәріпқызы Ерке Есмаханның бір реттік киген киімі қанша тұратынын айтып берді.
Стилистің айтуынша, Еркенің үстіндегі көйлегі 100 мың теңге тұрады.
«Сөмкесі әйгілі Lux HERMES брендінен. Ол 18 млн теңге. Көзілдірігі СELINE бренді – 250 мың теңге. Сағаты алтын мен болаттан жасалған СARTIER бренді – 6,9 млн теңге. Білезігі де СARTIER LOVE – 2,6 млн теңге. Екінші білезігі CARTIER JUSTE UN CLOU – 2 млн теңге. Тағы бір білезігі – CARTIER VAN CLEEF білезігі 2,5 млн теңге», – деп бағалады Жансая Әміршәріпқызы.
Сондай-ақ стилист әншінің әшекей бұйымдарына жеке тоқталған.
«Сақиналарының бірі CARTIER JUSTE LOVE RING – 1,5 млн теңге. Екіншісі СARTIER LOVE 1,070 млн теңге. CARTIER CLASH – 1,360 млн теңге. Ал мына бір екі рет оралған, жылан формалы сақинасы 2,7 млн теңге. Алқасы VINTAGE ALHAMBRA PENDANT – 1,5 млн теңге. Сонымен барлығы – 40,6 млн теңге», – дейді стилист.