Ол ғашығымен түскен видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанар Айжанованың қызы, актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісінің түрін көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол сүйіктісімен бірге түскен бірнеше видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Енді жасырудың қажеті жоқ", - деп жазды актриса.
Айта кетейік, Айжұлдыз бұрын мобилограф Қыран Талапбекке тұрмысқа шығып, некесі сәтсіз болған. Екеуінің Назар есімді ортақ ұлдары бар.
Блогердің ендігі таңдауы Сәкен Қағаров есімді экстрим-блогерге түскен. Желі қолданушылары актрисаға бақыт тілеп жатыр..
"Қасиеттерін қуаттар, қанат берер бақытты жұп болыңдар", "Біз білдік", "Сендер үшін қуаныштымын", "Бақыт тілейміз", "Сәкен, бағың бар екен", - деп жазды оқырмандар.