Украиналық әнші адамдармен фотоға түсуден бас тартып, сахнадан таз басын көрсетті

Qaz365.kz редакциясы

Пікір жазушылардың бір бөлігі әншіні қолдаса, бір бөлігі сынап жатыр

Иван Дорн / Вконтакте

Жақында Астанада украиналық әнші Иван Дорн концерт беріп, басы дауға қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Концерт барысында әртіс сахнадан бас киімін шешіп, таз басын көрсетеді.

«Көп қазақтар Түркияға барып демалатынын білемін. Өзіңізді қабылдаңыз. Басың таз болса, тестостерон көп деген сөз. Кейін мұның қалай жұмыс істейтінін көрсетемін», - дейді ол.

Концерт аяқталғаннан кейін Иван Дорнның кейбір адамдармен фотоға түспей, дауласып жатқан видеосы да пайда болды. Пікір жазушылардың бір бөлігі әншіні қолдаса, бір бөлігі сынап жатыр. 

«Алматы да түспей қойған, сонда кім үшін концерт ұйымдастырады?», «Фотоға түспеуге құқығы бар», «Оған болады, ол шаршап қалды», «Ал мен фотоға түсіп үлгердім», «Мынауың қуады екен ғой», «Тез-тез түсе салса болады ғой», «Мындай мінездері бар әртістерді Қазақстанға әкелмеңдерші»,- деп жазып жатыр адамдар.