Төреғали Төрәлі полиция қызметкерлеріне арнап ән шығарды

Qaz365.kz редакциясы

Ол осы әнімен концерттерге де қатысып жүр

Видеодан скриншот

Былтыр 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылған танымал эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі «Қазақ полициясы» деп аталатын жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақ полициясы» - ақын Қайнар Алагөзовтың сөзіне жазылған Құрал Молжановтың әні. Әдемі ән үшін рахмет, бауырларым! Бейнебаянға атсалысқан барша достарыма алғысым шексіз! Қолдау көрсеткен ҚР ІІМ және Алматы қаласының полиция департаменті! Мейрам құтты болсын! Аман болыңыздар! Әннің толық нұсқасын біздің YouTube каналымыздан тыңдай аласыздар! Бағасын беріп, пікірлеріңізді қалдырып кетіңіздер!», - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Ол осы әнімен концерттерге де қатысып жүр. 23 маусымда Алматыда өткен полиция күніне арналған концертте өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі былтыр 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, бірнеше күн уақытша ұстау изолятрында жатқан еді.