Тұрсынбек Қабатовтан кейін Қайрат Нұртас та ұшақта адам ұрып қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы

Жоғарғы соттың байланыс бөлімі ақпаратты растады

Instagram.com / kair_n

Белгілі эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған ақпаратты Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Алматы-Астана» рейсінің бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жолданды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Жоғарғы соттың байланыс бөлімі де ақпаратты растады.

«Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша Қайрат Айдарбековқа қатысты екі материал келіп түсті», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та бес күнге қамалған еді.