Қайрат Нұртас түрмеге қамалғанда әйелі балаларын алып Испанияға ұшып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Ол Барселонаға Түркияның Стамбұл қаласы арқылы ұшты

Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белгілі эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова екі ұлын алып, Испанияның Барселона қаласына кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Барселонаға Түркияның Стамбұл қаласы арқылы ұшты. Актриса әлеуметтік желіде баласы Ханның алақан жайып, дұға оқып отырған видеосын жариялады. 

«Біз жолдамыз. Бір қарасам, Хан дұға оқып отыр», – деді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Айта кетейік, жақында ол ауруханаға жатып шыққан. Ал күйеуі Қайрат Нұртас ұшақ бортында ұзақ бұзақылық жасағаны үшін Шымкентте сот шешімімен 15 күнге қамалған.