Әнші желіде жазба жариялады
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, сот шешімімен 10 күнге қамалған әнші Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Күйін кештім мен бүгін! Көкбөрілердің жаралы. Адым сайын аңдыған Қақпаннан сирақ қанады. Арландарым атылып Бөртелер кезді даланы, Айналамның барлығы Шибөрі болып барады. Балақтан тартқан әр итке көңіл бөлсең сапарыңнан қаласың»,– деп ол белгілі әннің сөзімен жазба қалдырды.
Желі қолданушылары Әбдіжаппар Әлқожаның бостандыққа шыққанына қуанып, әншіге қолдау көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, әнші 6 шілдеде 10 күнге қамалған еді. KIA Carnival автокөлігінің жолаушысы азамат Мәліков (құжат бойынша) полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, тәртіп бұзушыны тіркеуге кедергі келтіргені айтылған елі. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде құқық бұзушы полиция қызметкерлеріне бағынбаған.