Ол немерелерінің уайымдап жүргенін айтты
Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде немерелерімен сөйлескен хаттардың скринін жариялады. Продюсер баласының қашан шығатынын жазған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол әкесін сағынған немерелерімен сөйлескен кезде Қайрат Нұртас түрмеден қашан шығатынын жазған.
«Папаңды 19-ына ұшып барып, түнде шығарып аламыз деп отырмыз», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Ол қыздары әкесін уайымдап жүргенін жеткізген.
«Сезім мен Алау қыздарым папаларын уайымдап, «апа біз папамызды қатты-қатты жақсы көреміз» деп хабарласып әлек. Алла бұйыртса әні-міні деп, сағат санап отырмыз. Бала-шағасына не десе де, жоқ деп айтып көрген кезі болмаған шығар, қашанда армандарын орындау бар мақсаты. Кім қай жақты қалады, бірі Барселонаға, бірі Кореяға, бірі Америкаға бәрінің арманын орындап, түгел білгендей төлемдерін жасап кетсе де, ана жақта отырса да, не сұраса да салып отырсыншы деп, бала-шағам қиналып қалмасын деп адвокаты арқылы жеткізіп, уайыдаумен отырды. Бір жаққа барамын не аламын десе, мен де солай жоқ деп айта алмаушы едім бала-шағама, Алла сол пейіліне беріп жатқан шығар деп қоямын кейде. Жүрегімізден мейірім кетпесін. Қайрат маған кейде, түнімен ұйықтамай уайымдап отырған мені көріп «анашым мені қатты жақсы көрмеңізші» дейтін. Қашан да түзде жүрген соң уайымсыз күнім болмайды ғой. Бірақ та жүрегіңе Алланы салып, сол Аллаға амандығын тапсыруымыз керек екенін біліп тұрып, қатты жақсы көретінімізді байқамай қаламыз. Ана баласын қатты жақсы көрсе сол баласымен сынайды, ал ұл-қыздарың өмірлік жарын қатты жақсы көрсе, сүйіктісімен сынайды деген. Қандай сынақ берсе де жеңілдігімен берсін деп тілейік. Алла бұйыртса құлынымның құлыншақтары шексіз қуанатын күндері көп болсын», - деп жазды ол.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас ұшақта досымен төбелескені үшін 15 тәулікке қамалған. Осыған дейін бірінен соң бірі қамалған Тұрсынбек Қабатов пен Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шықты.