15 күнде 18 тойдан қалған Қайрат Нұртас бостандыққа шықты

Qaz365.kz редакциясы

Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова өз сұхбатында, мұндай қиындықты ешкімге тілемейтінін айтып, сындарлы сәтте қолдау білдіргендерге алғысын білдірді

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас қамаудан босатылды, деп хабарлады Qaz365.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қолдау көрсеткен баршаңызға көп рақмет. Менде бәрі жақсы»,- деді Қайрат Нұртас.



Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова өз сұхбатында, мұндай қиындықты ешкімге тілемейтінін айтып, сындарлы сәтте қолдау білдіргендерге алғысын білдірді.

«Ешқандай ананы баласымен сынамасын. Жүрекке Алланы салып, баламызды Аллаға тапсырайық. Бәрі жақсы болсын», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Еске салсақ, 5 шілде күні әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін 15 күнге қамалған. Ол Шымкенттегі изоляторда отырып шықты. 

«15 күнде 18 тойын «отмена» жасағанбыз ғой, қаншама концерттерге билет алынған, той иелерінің біразы Қайрат бос күнге туралап қойған ғой. Қазір ойланып отырмын да, күлейін бе, жылайын ба деп... Кейбіреулерге түсіндіру қиын ше, бәрі менің қолымда сияқты ше, Гүлзира апай, енді біз ше, не істейміз, той ғой, біздің тойға келсін да, сосын бара салсыншы дегендер болды. Жандарым-ау, бәрі Алланың қалауымен ғана», - дейді әншінің анасы.