Концерт Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылады
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 13 қыркүйекте елордадағы «Астана Арена» стадионында Stranger атты жеке концертін өткізеді. 22 шілдеден бастап, концерттің билеті сатылымға шығады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Құрметті достар, ел-аман, жұрт тынышта өздеріңізбен тезірек қауышуды жазсын. Баршаңызды жақсы көремін, бәріңізді сағындым!» – деді әнші желідегі парақшасында.
Әлемге әйгілі әншінің кеші 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылады.