Ол қуанышты жаңалығын бөлісті
Қазақстандық танымал тележүргізуші Қымбат Досжан желіде қуанышты жаңалығын жариялап, елден сүйінші сұрады. БАҚ өкілі немерелі болғанын жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қымбат Досжан жақсы жаңалығын бірден Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен бөліскен. Журналист немересі сағат қаншада дүниеге келгені мен оның салмағы мен бойын да жазды.
«Немерелі болдым. Құдайға шүкір. 17:56. 3580. 54 см», – деген жазба қалдырды тележүргізуші.