Әншінің жанкүйерлері бақыт тілеп жатыр
Әнші Қыдырәлі мен Қарақат күміс тойын тойлады. Олардың отасқанына биыл 25 жыл толуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Күміс тойдың сәттерін инстаграмға журналист Айгүл Мүкей көрсетті. Ерлі-зайыпты әншілер қымбат көлікпен қонақтардың ортасына балаларымен салтанатты, думанды тойға келеді.
«Қыдырәлі мырза, Қарақат ханым сіздің әрдайым қасыңыздан табылды ма?» - деп сұрайды асаба.
«Әрине», - деп жауап берді әнші.
«Қарақат ханым, Қыдырәлі мырза сізді әрдайым алақанында аялады ма?» - деп сұрады.
«Әрине», - деді әншінің жары.
Әншінің жанкүйерлері бақыт тілеп, «Алтын тойға жетіңіздер» деп тілек қалдыруда.