Мұрат Әбілдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеген
Әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танылған әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділдә бүгін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы «Миллион» жайдарман командасының ойыншысы Мансар Орынхан жазды.
Айта кетейік, Мұрат Әбілдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеді. Ол әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырғаны үшін сотталған болатын.