Мұрат Әбділдә жақында ғана бостандыққа шыққан еді
Көпшілікке желі арқылы танылған атышулы Мұрат Әбділдә бостандыққа шыққаннан кейін парақшасына бір күнде 150 мың оқырман жазылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол туралы желі қолданушылары жылы лебіздерін білдірген:
«Кароль қайтып оралды», «Анасы қуанып қалды-ау», «Тиктоктың легендасы кім десе, мен тек осы азаматты айтар едім» - деп жазған олар.
Еске салсақ, әлеуметтік желіде тікелей эфирде түрлі боғауыз айтып, аты шыққан Мұрат Әбділдә жақында ғана бостандыққа шыққан еді. Ол Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеген. Ол өзінің Instagram-дағы бейнежазбалары арқылы «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін» 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.