Қайрат Жұлдыздың қойылымына құшақ гүлмен келді
Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімовамен қайта татуласу үшін Атырауға іздеп барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол жарының көңілін көтеру үшін Атыраудағы спектакліне арнайы жеткен. Бұл сәттің видеосы Қайраттың Instagram-дағы сторисінде жарияланған.
Қайрат Жұлдыздың қойылымына құшақ гүлмен келіп, драмалық спектакльді көпшілікпен бірге тамашалаған.
Ал қойылым аяқталған соң ол сахнаға шығып, Жұлдыз Әбдікәрімоваға гүл шоғын ұсынды.
«Қайрат айналайын ақылың бар ғой жаным», «Отбасың аман бүтін болсын», «Қайрат айналайын жүрегіңнен айналдым», «Нағыз жігітсің балам», «Еркек деген осындай болсын», «Қайрат өте жұмсақ ақкөңіл момын», «Бақыт тілеймін», «Міне, қандай құрмет», – деген пікірлер жазылған.
Айта кетейік, Қайрат пен Жұлдызды ажырасып кетті дейтін пікір жиі айтылады. Тіпті, қаңтар айында Дохада бірге демалған кезде де, тек балалары үшін бірге екендері жазылған.