Бұған дейін әнші толық адамдарды ұнатпайтынын айтып, пост салған еді
Жақында толықтарды жек көремін деген сөзі үшін хейтке қалған белгілі актриса әрі әнші Меруерт Түсіпбаева хейтерлерге жауап берді. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Менің семіздік туралы айтқан пікірімді қуана қарсы алып, хейт жасап, түрлі желілерге салып, оттап, арнайы жазба жариялап отырған нансоғар, есерсоқ еркексымақтарға айтарым бар. Семіздік деген – қасірет. Әуелі денсаулығы үшін семіздікке ұшыраған жандардан кешірім сұрағанмын. Екіншіден, өсек термей, спортпен айналысып, отбасыңның жағдайын жасап, диваннан артыңызды көтеріңіздер, құрметті еркектер! Одан да халықтың жағдайына көңіл бөліңіздер! Қоғамның қызу талқысына түсіп жатқан АЭС-ті зерттеңіздер! Мемлекет пен халықтың жағдайын айтып, жыртысын жыртыңдар! Соған көңіл бөліңдер!», – деді өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін әнші толық адамдарды ұнатпайтынын айтып, пост салған еді. Әйел не еркек болсын өз салмағына қарау керектігі жайлы кеңес беріп, ол сөзі жұрттың сынына қалған еді.