Мейрамбек Бесбаев сәбиін перзентханадан дүркіретіп тұрып шығарып алды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіге жазып, видео жүктеді

Видеодан скриншоттар

«Музарт» тобының мүшесі, белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев жұбайы Мархабат Беспаева мен қызын перзентханадан дүркіретіп шығарып алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіге жазып, видео жүктеді.

«Ал. қызымыздың бауы берік болсын! Балапанымыз инабатты, ақылды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын», - деді әнші.

Әншінің оқырманы да қуанышқа ортақтасып, өздерінің игі тілектерін жазып жатыр.