Қазақша сөйлеу мен үшін мода – Ерке Есмахан оқырман сынына жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Тілге жанашыр әнші тек қазақша жазатынын айтқан

Фото: Instagram.com/erke_esmahan

Белгілі әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде қазақша сөйлеу мода екенін айтып, оқырманына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әнші Ерке Есмахан инстаграм парақшасында әдеттегідей оқырмандарының сұрақтарына жауап жазады. Сонда оқырмандарының бірі «Почему не пишите на русском? Ведь некоторые не понимают на вашем языке» деп  сынаса керек.

Ерке Есмахан қазақ бола тұра сондай сұрақ тастаған оқырманның өзін сынап тастаған. Тілге жанашыр әнші тек қазақша жазып, қазақша сөйлейтінін және қазақша сөйлеу мода екенін жазған.

«Осыны жазып тұрған сіздің тегіңіз Жырғалбекова екен. Неге на вашем языке деп тұрсыз? Сіздің языгыңыз емес па не қазақ тілі? Қазақпын, қазақша сөйлеймін, қазақша жазамын. Түсінбегендер перевод жасап алар. Қазақша ойлап, сөйлеу мен үшін мода. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»  – дейді Ерке Есмахан.