Айқын Төлепберген телебағдарламада әйеліне екі бөлмелі пәтер сыйлады

Qaz365.kz редакциясы

Әйелі мұндай сыйлықты мүлдем күтпегенін айтты

Видеодан кадр: Youtube/KTK TV

Белгілі әнші Айқын Төлепберген «Астарлы ақиқат» бағдарламасы кезінде келіншегіне күтпеген тосынсый жасады. Өнер иесі екі баласының анасына екі бөлмелі пәтер сыйлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айқын Төлепберген отандық бағдарлама кезінде келіншегі Жұлдыз Өмірғалидің көзін жауып, оған үлкен тосынсый жасады. Әнші көпшілік алдында әйеліне Алматыдан екі бөлмелі пәтерді сыйлап, қолына кілтті табыстады.

Жұлдыз Өмірғали мұндай сыйлықты мүлдем күтпегенін айтып, жолдасына алғысын білдірді.

«Мынау Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілті. Құтты болсын. Бұл «бөлек шығып кетші» деген сөз емес. Нағыз қазақтың бизнесі ғой. Пәтерді жалға өткізесің. Ақшасын өзің аласың. Сенің жалақың болады», - деді өнер иесі.