«Мені жеңу оңай болмайды»: Ауыр дертпен күресіп жатқан актер Мұрат Бисембин мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Ол оқырмандарына алғыс айтты

Қатерлі ісікке шалдыққан қазақстандық актер Мұрат Бисембин ел алдына шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол ауыр дертті жеңіп шығатынын жеткізіп, оқырмандарына алғыс айтты.

«Мені жеңу оңай болмайды. Міндетті түрде бәрін еңсеремін. Маған моральдік және материалдық тұрғыда көмектесіп жатқан барша жанға рақмет! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Шексіз алғыс», – деді актер.

Айта кетейік, бұған дейін актердің ауыр дертке шалдыққанын көпшілікке оның әріптесі Саят Исембаев хабарлаған еді.