Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы өмірден өтті

Qaz365.kz редакциясы

Суыт хабарды көпшілікке тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеткізді

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі композитор марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Суыт хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәлім етті.

«Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. 

Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын.

Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне «құран бағыштадық» деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге!» – деді Л. Сұлтанқызы.