Баян Алагөзованың пікірінше, мұндай миссия үшін Қазақстанда бағалар өте арзан
«Көреміз» бағдарламасына берген сұхбатында белгілі продюсер Баян Алагөзова суррогат анаға қанша төлегенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Маған ештеңені жасырған ұнамайды. Барлық бағаны ашық дереккөздерден біліп алса болады. Суррогат аналардың жалақысы айына 250.000 - 300.000 теңге. Бұл да суррогат аналардың қалауына қарай. Бір суррогат ана маған 250.000 деді, екіншісі 350.000 деді. Қалған қаржыны бала туылғаннан кейін бірден төлейсің. Суррогат ана туған күні оның еңбекақысын төлеуге міндеттісің, бұл жалақыдан бөлек», – дейді продюсер.
Баян Алагөзованың пікірінше, мұндай миссия үшін Қазақстанда бағалар өте арзан. Суррогат аналардың еңбекақысы 6.500.000 теңгеден басталып, 10.000.000 теңгеге дейін жетеді. Сондықтан да шетелдіктер біздің елге келеді.
Еске салайық, жуырда Баян Алагөзованың екі қызының дүниеге келгені туралы жазған едік.