Мархабат бұл жүктілікті 9 жыл күткен
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мейрамбек Беспаев жақында қызды болған еді. Бүгін әйелі Мархабат жүктілікті туыстары қалай қабылдағанын көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мархабат 9 жыл күткен өзінің жүктілігі туралы жаңалықты туыстары қалай қабылдағанын көрсетті. Кадрдан Мейрамбек Беспаевтың жаңалықты естігенде қатты толқығаны байқалады.
«Көзіме жас келді», «Балапанның болашағы жарқын көрсін», «Мәкеннің реакциясы топ болды», «Көбейе беріңдер!», «Өте әсерлі шығыпты», «Не деген керемет көрініс», «Алла берерін тоқтатпасын», «Жылап алдым», - деп жазғандар желідегі оқырмандар.
Одан қалды Мархабат пен Мейрамбектің ата-аналары да қатты қуанған. Олар «Құдайдың бере салғаны» деп көздеріне жас алған. Ал Мархабат күйеуі Мейрамбекке «Бұл жаңа жылға саған сыйлық» деп айтады.