Ол марқұм жігітімен бірге түскен фотоларын көрсетіп, естеліктерін бөлісті
Әлеуметтік желіде Аруна есімді бойжеткен марқұм композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың сүйіктісі екенін айтып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол марқұм жігітімен бірге түскен фотоларын көрсетіп, естеліктерін бөлісті.
«Сенен айырылу – төзгісіз жағдай. Сен жай ғана жақын адам емессің. Менің жанымның бір бөлшегісің және ажырамас бөлігіне айналдың. Жүрегім ауырып тұр. Менің қасымда енді болмайтыныңа сенгім келмейді. Фотоларды қарап отырмын. Әрқайсысы біздің ең қуанышты және жарқын сәттерімізде түсірілген. Ішімде бір уақытта жылылулық та, ауырлық та сеземін. Бұл естеліктер мен үшін ең қымбат болып қалмақ. Шынайы қолдау сөздерің мәңгі жадымда. Өмірімді мән мен бақытқа толтырдың. Сені өмірімді бақытты еткен адам ретінде мәңгі есте сақтаймын. Менің жүрегімде өшпес із қалдырдың. Сол махаббат мәңгі өмір сүреді. Өміріме әкелген барлық жақсылықты сақтауға уәде беремін. Жаның жәннәтта болсын, Абылайым», – деп жазды бойжеткен.
Еске сала кетейік, осыған дейін Арман Дүйсеновтың ұлы Абылай Дүйсеновтың қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.