Балаларым әр үйірде қанша бас барын біледі
Көпшілік танымал отандық әнші Тоқтар Серіковтің жылқы өсірумен айналысатындығын да біледі. Ол қазір төрт ұлына төрт үйір жылқы беріп қойған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әнші «Жетінші арнадағы» Әйгерім Сейфолла жүргізетін «Сырласу» бағдарламасында балаларына байлығын қалай бөлгенін айтты.
Өзімнің кіндік қаным тамған ауылымда жеке шаруашылығым бар. Сонда төрт ұлыма төрт үйір жылқы жіберіп қойғанмын. Әрқайсысы өздерінің айғырларын біледі. Әр үйірде қанша бас барын біледі. Мұны байлық ретінде емес, «иесі мен екенмін ғой, мен де қажетке жараған екенмін ғой, мен де әкемнің бір шетінде жүр екенмін ғой» деген ой босын деп істедім. Сонымен қатар ұлдарымның бір-бір иті бар, төбет те, тазы да. Енді бүркіт, қаршығаға қызығып жүр. Бірақ бұл қиын. Оны баладай бағу керек. Оған менің уақытым жетпейді. Өзім тәрбиені ауылдан алдым, сондықтан елге жақын болсын деп істеп жатырмын, - дейді әнші.
Бұған дейін Тоқтар Серіков Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановпен жайлауы бір жерде екенін айтқан еді.