Әнші жаңа альбом шығатынын айтты.
Бұл туралы белгілі әнші Ерке Есмахан өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Күйеуімнің жақында жарық көретін жаңа альбомының аяқталған толық нұсқасын жаңа ғана тыңдадым. Көзіме жас келді. Ғажап! Райм – Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші» - деп жазды Ерке өзінің сторисінде.
Әншінің сөзінше альбомның алғашқы трегі клипімен ютубта трендте тұр. Сондай-ақ Райым екеуінің су жаңа әні алдағы Алматыда өтетін концертте орындалатынын да атап өтті.
Еске салсақ, танымал эстрада жұлдызы Ерке Есмахан өмірге екінші сәбиін әкелген соң қайтадан сахнаға оралды. Ол Ақтөбедегі кешінде тұрмысқа шыққаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін айтып берген еді.