Антикор Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуін іздестіруде

Qaz365.kz редакциясы

Әншінің бұрынғы күйеуіне 21 қазаннан бастап іздеу салынған.

Фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлы іздестірілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әншінің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына 21 қазаннан бастап іздеу жариялаған.

 – Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді, – делінген хабарламада.

Әнші Сиви Махмуди мен Ансар Қажымұханұлы он жылдай некеде тұрған. Олар 2021 жылы ажырасып кеткен.