«Өмірінің әр кезеңі - бір альбом»
Белгілі қазақстандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан декреттік демалыстан кейін әлеуметтік парақшасына жаңа әнінің анонсын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Дауысымды сағынған шығарсыздар», - деп жазды әнші «Ойыңды айтшы» деп аталатын жаңа әнді орындап жатқан ол өз жазбасында.
Сондай-ақ өнер иесі күйеуі Raim-ның ән жазудағы ерекше қабілетіне, талантына тамсанып, өзінің онымен дуэт айтқанына бақытты екенін жазған.
«Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі - бір альбом. Әр альбомы, әр трегі ерекше. Бір әнім «хит» болды екен деп, соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, Ол - RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты», - деді Ерке желідегі парақшасында.
Сонымен жақын арада Raim мен Ерке Есмаханның «Ойыңды айтшы» атты су жаңа әні шығады.
Еске салсақ, жақында Ерке Есмахан Райымды «Қазақстандағы альбом жазатын жалғыз әнші» деп мақтаған еді.