«Еш қарсылық көрсетпедім»: Тамара Асар қалай дәнекерлеушіге тұрмысқа шыққанын айтып берді

Qaz365.kz редакциясы

Әнші күйеуін 7 наурызда жолықтырған. 

Ашық дереккөзден

Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Әйел әлемі» бағдарламасында әнші Тамара Асар өмірлік жолдасын қалай жолықтырғанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жетістіктерге бала үшін жетіп жүрмін деп ойладым ғой. Бір күні қатты шаршаған болуым керек. Сол кезде есімде. Қонақ үйге кірдім – бетімнің бояуын жууға да күшім келмей тұр. Айнаға бардым. Шашымды да шеше алмай тұрмын. Әлі алда екі концерт бар. Айнаға қарап тұрдым да «Ой, шаршаған жоқпын, шаршамаймын, Алла естіп тұрсың ба, маған бір асырайтын күйеу берші» дедім де жата қалдым. Ұйықтап қалдым. Содан ұмытып кеттім», - дейді ол.

Дәл сол жағдай 5 наурыз күні болған. Содан сол жақтағы шараны атқарып, 7 наурызда күйеуін жолықтырған. 

«Бір жарым күн өткенде! Қасыма өтіп бара жатып, орыс тілінде «қандай әдемі әйел, мен бұл кісіге үйленем» деп сөйлеп кетіп барады. Естіп тұрмын. Сол адам сөзінде тұрып, 7 күнде сақина салып, 7 күнде үйленді. Ол жігіттің сол кезде айтқан сөзіне қарап, тұра бердім. Еш қарсылық көрсетпедім. Ол маған «сварщик» болып жұмыс істеймін деді. Сөйтсем, өндіріс басқаратын жігіт екен. Өзі өндірістің маманы екен. Шүкір. Анасы өмірден өтіп кеткен, содан шай ішпейтін болып кетіпті. Содан менің шайымды ішкеннен кейін «осылай шай құятын адамды армандадым» дейді», - деп өткен күндерін еске алды әнші.

Тамара Асар 1976 жылы 16 шілдеде Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында туған. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2007). Құрмет орденінің иегері (2014).