«Экс-күйеуімнің үш отбасы болған»: Сиви Махмуди өзінің құпиясын ашты

Qaz365.kz редакциясы

Ажырасқан, қызы бар

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі әнші Сиви Махмуди журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, бұрынғы күйеуіне қатысты шындықты және балаларының жаңалықты қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әнші Сиви Махмуди бұрынғы күйеуіне қатысты ақпараттарда өзінің аты барлық жерде аталып жатқаны ауыр тигенін айтты.

«Бүкіл әлеуметтік желіде «Сиви Махмудидің экс-күйеуі, бұрынғы күйеуі» деп беріп жатыр. Маған оңай болған жоқ, ауыр тиді. Тірнектеп жинаған абыройымды шашты. Ажырасқанымызға 4 жыл болған. Оны ешқашан жамандамағанмын. Себебі балаларымның болашағына алаңдаймын. Өкінішке қарай, өзі тыныш жүрмеді. Төрт жылда балаларын іздеу, көмектесу деген, туған күнмен құттықтау деген болған жоқ. Аллаға шүкір, балаларымды өзім асырап жатырмын. Отбасын құрғанда да, ажырасқаннан кейін де неше түрлі оқиғалар болды. Мен оны айтқым да келмейді. Бірақ өзінің былықтары шығып жатыр» - дейді әнші.

Өз сторисіңде «Біз үйленгенге дейін отбасылы болды. Біз ажырасқаннан кейін ол тағы да үйленді. Шок боласыздар. Сіздер әлі білмейтін дүниелер көп деп өшіріп тастадың. Қалай сонда?» деп сұрады журналист әншіден.

«Бүгінгі күнге дейін айтпағанмын. Өйткені, балалардың психикасын бұзбайын, өссін, уақыты келгенде айтайын деп едім. Бірақ енді балалардың көзінше желіде сондай ақпараттар шықты. Балаларым менен сұрады. «Қалайша ішіңе сыйғызып жүре бергенсің. Бізге айтсаң болады ғой» деп. Бәрібір шындық шығады екен ғой. Мұны ешкімге айтпағанмын. Ол екеуміз бір жыл жүргеннен кейін сырға салды. Сол кезде күтпеген жағдай болды. Оның туыстарының бірі әкеме болған жағдайды айтқан. Оның бірінші некесінен бір қызы бар екен. Мен оның үйленгенін білген жоқпын. Содан ортақ таныстарымыздан ол екеуіміз ажырасқаннан кейін тағы үйленгенін естідім. Ажырасқан, екі баласы бар әйелмен бірге тұрады. Менен бөлек оның өмірі бар, менің атымды пайдалана бермесе екен журналистер. Мен ондай адам көрмегем. Жұмыс істегім келмейді деп айтатын. Оның өмірге деген көзқарасы, ұстанымы бөлек» –  деді әнші. 

Сиви Махмуди балаларынан «Әкелерің қамауға алыныпты. Сендерге өкінішті ме» деп сұрағанда балалары әкелері үшін жүректері ауырмайтынын айтқан.

«Бізді сізбен тұрып жатқан кезде қыздарға апаратын. Қыздармен кездесетін. Сол жүрегімізге ауыр тиетін. Өмір – бумеранг, ол өз жазасын алып жатыр» деген екен үлкен ұлы.

Сондай-ақ әнші бұйыртса әйел бақытын сезінгісі келетінін айтады.

«Мейлі, мені күйеумен сынады. Лайым осы менің соңғы сынағым болсын. Екінші рет, бұйырса, кеш болса да әйел бақытын сезінгім келеді» деді әнші.

Еске салсақ, жақында Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұқанұлына іздеу жариялады. Іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында тіркелген.