Түркістанда артық салмағы бар науқастарға тың әдіспен ота жасалды

Qaz365.kz редакциясы

Лапараскапиялық әдіспен жасалған күрделі отаны дәрігерлер Литва мемлекеті мен Астана қаласынан келген медицина мамандарының жетекшілігімен жасап шықты

Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында семіздікке шалдыққан науқастарға тың әдіспен ота жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Артық салмағы бар бұл пациенттердің қант диабеті, қан қысымы сынды бірнеше қосалқы аурулары бар. Лапараскапиялық әдіспен жасалған күрделі отаны дәрігерлер Литва мемлекеті мен Астана қаласынан келген медицина мамандарының жетекшілігімен жасап шықты.

Литвалық профессор, медицина ғылымдарының доктары Алмантас Малецкас «Біз марафон аясында Қазақстанды аралап, Алматы және Астана қалаларында осындай күрделі оталарды жасадық. Осы арқылы бүкіл әлемдегі артық салмақ мәселесімен күрескіміз келеді. Бүгінгі шеберлік сыныбы арқылы біз Түркістан облыстық клиникалық ауруханасымен іскерлік байланысты нығайтамыз деп ойлаймыз. Операцияға жергілікті дәрігерлер қатысып, біліктілігін арттырды. Соның арқасында енді мұндағы әріптестеріміз өз бетінше ота жасауға дайындалады деп ойлаймын» деді.

Айта кетейік, мұндай ота қант диабетіне шалдыққан науқастарға дәрілік емдеу көмектеспеген жағдайда жасалады. Себебі бұл дертке шалдыққандардың басым бөлігі артық салмақтан зардап шегіп, қосалқы аурулары асқынып жатады. Ал өзге елден келген дәрігерлер алдағы күндері асқазанға жасалатын лапора