Абай облысындағы шекаралас аумақтардағы ауылдардың ахуалы қалай

Qaz365.kz редакциясы

Төрт аудандағы шекарада 42 елдімекен тұр

Фото: ОКҚ

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай облысында жойылып кеткен елдімекендер жоқ деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астанада брифинг өткізген әкімге Qaz365.kz тілшісі облыстағы шекаралық аумақтарында ауылдық елдімекендердің жай-күйін сұрады. Олардың жойылу қаупін болдырмау үшін қандай нақты шаралар қабылданып жатқаны сауал ретінде қойылды.

«Абай облысында басқа елдермен шекаралас аумақтарда 4 аудан бар. Ол: Мақаншы, Ақсуат, Бесқарағай мен Бородулиха ауданы. Осы аудандардағы шекарада 42 елдімекен тұр. Оларда 35 мыңға жуық адам тұрады. Сондағы халықты жұмыспен қамтып, басқа да жұмыстарын істеп, сол жерден көшіп кетпеуінің жұмысын жүргіземіз», - деп жауап берді әкім.

Нұрлан Ұранхаевтың сөзінше, жойылып кеткен елдімекендер Абай облысында жоқ. 

«Біз оларды басқа елдімекендерге қосып, іріктедік», - дейді ол.

1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аумағы түгелдей Шығыс Қазақстан облысына берілген. 2022 жылы 8 маусымда бұрынғы Семей облысының аумағында Абай облысы құрылды. Құрамына Шығыс Қазақстан облысынан Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары қосылды.