Қазақстанда визаның тағы бір түрі іске қосылды

Qaz365.kz редакциясы

Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам

Фото: iStock

Цифрлық даму министрлігі халықаралық мамандарды тарту және Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған Digital Nomad Visa (DNV) бағдарламасының іске қосылғаны туралы жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл виза әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандарға Қазақстанда заманауи цифрлық қызметтер мен жоғары деңгейлі жайлылықты пайдалана отырып, өмір сүру және жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

"Digital Nomad Visa IT-мамандарға арналған, Қазақстанды қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы хаб ретінде ұсынады. Бағдарлама жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік, озық цифрлық қызметтер және бизнесті жүргізудің жеңілдігі маңызды кәсіби мамандарды тартуға бағытталған", - делінген хабарламада.

Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам. Бағдарлама жұмыс істеуге ыңғайлы жағдайлар мен жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді, бұл инновациялық экожүйелерді дамытуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандармен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.