Телеграм мессенжерлерінде 8-ден астам суицидті насихаттайтын заңсыз контент анықталды
Солтүстік Қазақстанда балалар суицидке итермелейтін ойындар ойнаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Облыстық прокуратура «Telegram» мессенджерінің мониторингімен балалар суицидін тікелей насихаттайтын 8-ден астам заңсыз контентті анықтады. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы бұл топтарға кіру бұғатталды.
«Аниме» жанрында өз-өзіне қол жұмсау бойынша тапсырмалар орындаған екі жасөспірім анықталды. Заңды өкілдерімен профилактикалық жұмыс жүргізілді, балаларға психологиялық көмек көрсетілді және уәкілетті органдар оларды бақылауға алды», – делінген хабарламада.