Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге тыйым салатындай негіз жоқ – Қаржы министрлігі

Nur-Altay Umirzak

Ақша үнемделген жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін

Сурет: ашық дереккөзден

Қаржы министрлігі шенеуніктерге бюджет қаражатынан сыйақы беру туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды, Qaz365.kz.

«ҚР Үкіметінің 2001 ж 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады», – делінген заңнамада.

Қаулыда шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған.Солардың есебінен ақша үнемделген жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарлар, байланыс, коммуналды және көлік қызметтеріне, үй-жайларды жалға ал және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу).

«Аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ», – делінген ведомства ақпаратында.