Маңғыстау облысында 661 адам мүгедектікті рәсімдеу жәрдемақысынан заңсыз айырылған

Nur-Altay Umirzak

Олар 3-4 топтағы онкологиямен ауыратын және паллиативтік көмек алатын адамдар

Сурет: ult.kz

Маңғыстау облысында онкологиялық науқастарға мүгедектік құжат пен жәрдемақысынан заңсыз айырылған, деп хабарлайды, Qaz365.kz.

ҚР Бас прокуратурасы Маңғыстау облысында 3-4 топтағы онкологиямен ауыратын және паллиативтік көмек алатын 661 адамның мүгедектікті рәсімдеу және жәрдемақыны алу мүмкіндігінен айырылғанын анықтады.

“Бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Бүгінгі күні заң бұзушылықтар толығымен жойылды”, - деп хабарлады Бас прокуратура.