Мектепте тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға жеке көмекші тағайындалады

Nur-Altay Umirzak

Бұл туралы үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты

Сурет: total.kz

Мектепте тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға жеке көмекші тағайындалады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

«Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін мектепте «жеке көмекші» лауазымы енгізіледі. Сондай-ақ «педагог» кәсіби стандартына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша жаңа мамандықтар енгізілуде», –  деді министр.