Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған аналардың зейнет жасы төмендей ме

Qaz365.kz редакциясы

Соңғы үш жылда мүгедек балалар саны 11,4%-ға өскен

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БАҚ өкілдері министрден ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналардың зейнет жасын төмендету мәселесі туралы сұрады.

«Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Біз әрдайым кеңесте осы мәселені көтереміз. Бірақ қәзір дәл осы аналар үшін зейнет жасы төмендейді деген оң шешім жоқ», - деп жауап берді Жақыпова.

Ол елімізде көпбалалы аналар 53 жасында зейнетке шығатынын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін еңбек министрі Қазақстанда мүгедектігі бар 732 мың адам тұратынын айтқан, оның ішінде 15%-ы – балалар. Соңғы үш жылда мүгедек балалар саны 11,4%-ға өскен.