Су тапшылығы тыңғылықты зерттеуді қажет етеді

Qaz365.kz редакциясы

Судың жетіспеушілігі және онымен байланысты әлеуметтік қауіптер қазіргі әлем алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі

Фото: ашық дереккөзден

Су жер бетінің 70% жабады. Бүгінде су тапшылығы бар елдерде екі миллиардтан астам адам тұрcа, ал төрт миллиард адам жылына кемінде бір ай өмір сүреді. Зерттеушілер 2030 жылға қарай судың сұранысы мен ұсынысы арасындағы алшақтық 40% - ға дейін артады деп болжауда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстандағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуы елдегі су тапшылығының маңыздылығын көрсетті. Бұдан бөлек, 2023 жылы Жамбыл облысында егістік алқаптарына су жетпей, 6 ауданға төтенше жағдай жарияланды. Бұның барлығы халыққа да үкіметке де шығын.

Аймақта 113 су қоймасы мен бөгеттер тіркелген. 113 су қойманың 60 каналдар арқылы, 53-і еріген қар, жер асты сулары және өзендермен толтырылады. 2024 жылдың вегетациялық кезеңіне су қоймаларында шамамен 91,2 млн. м3 су жиналған. Осы су қоймаларында жинақталған судың көлемі 10,0 мың гектар алқапты тұрақты сумен қамтамасыз етеді. Биыл өңірде төтенше жағдай жарияланған жоқ. Алайда, су мәселесі жергілікті биліктің күн тәртібінен әлі де түсер емес.

Судың жетіспеушілігі және онымен байланысты әлеуметтік қауіптер қазіргі әлем алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі болып тұр. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде су тапшылығына ерекше назарын аударып келеді. Әлемдік сарапшылар судың тапшылығына негізгні үш факторды атап көрсетеді екен. Алдымен, біздің де отандық мамандарға осы бағыттарды жік-жікке жіктеп қарастырғандары дұрыс болар.

Халықтың өсуі. 2050 жылға қарай Жер халқының саны он миллиардқа жетеді деп күтілуде. Осыған байланысты, әлемде суды тұтыну қазіргі кезде 3,7 трлн текше метрден 2050 жылы 5,3 трлн текше метрге дейін өседі деген болжам бар.

Урбанизация. Қалалардың дамуы адамдардың суға қол жеткізуін жеңілдетуге, су тұтыну құралдарын пайдалануды таратуға ықпал етеді, нәтижесінде суды тұтыну артады. Сонымен қатар, урбанизация істен шыққан инфрақұрылым объектілеріне байланысты су шығынының артуына әкеледі деседі.

Дамушы елдердегі орта таптың үлесінің өсуі. Экономикасы дамып келе жатқан елдерде әл-ауқаттың өсуі азық-түлікке, сондай-ақ өндіруге көп су жұмсауды қажет ететін азық-түлік емес тауарларға шығындарды ұлғайтуға мүмкіндік береді екен.

Облыс аумағында орналасқан қайта жаңғыртуды қажет ететін бекітілген кешенді жоспар аясында қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Ислам даму банкі арқылы қолдау тапқан каналдардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Алайда, ең бірінші әлемдік зерттеулерге сүйеніп, нақты өңірдегі ахуалды жіктеп, қоғамға шешу жолдарын салуды әлі де қарастыру керек секілді.