Әкім бағаның өсуі "қала әкімдігі үшін басты мәселе" екенін айтты
Әкім бағаның өсуі "қала әкімдігі үшін басты мәселе" екенін айтты. Оның айтуынша, бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша былтыр күзде басталған жұмыстар биыл өз нәтижесін бермек, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Маусым аралық уақытта арнайы шарттар жасалды. Алматы бағаны тұрақтандыруға ең көп қаражат - 15 млрд теңге бөлді.
Көктемде наурыз айының ортасынан бастап біз алғашқы өнімдерді ала бастаймыз. Бағасы шұғыл көтерілетін позициялар бойынша бағаларды тұрақтандырамыз. Бірден “жұмақ” орнай қоймас. Жұмыстар тек қыркүйекте басталды. Сонымен қатар, қант жеткізу бойынша 2,6 млрд теңгеге шарт жасалды. Алдағы уақытта қант бағасы көтерілмейді деп үміттенемін", - деді халық алдында есеп берген қала әкімі.