«Шәмші Қалдаяқов сығандармен бірге тұрған». Келіні елдегі театрларды сотқа бермек

Qaz365.kz редакциясы

Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Шәмші Қалдаяқовтың келіні Ботагөз Қалдаяқова Мәжілістегі комитет отырысында қайын атасына қатысты белгілі спектакль желісі шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еліміздің театрларында жиырма жылдан аса уақыт бойы «Сыған серенадасы» пьесасы қойылып жатыр, мұрагерлердің рұқсатынсыз. Мұрагерлер ол оқиға жайлы бірнеше рет айтылған, нақты айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа беремін, – дейді Ботагөз Қалдаяқова.

Шәмші Қалдаяқовтың мұрагерлері бұл туындының желісін шындыққа сәйкес келмейді деп сынап, бірнеше рет наразылық білдірген. Әсіресе, бұған дейін де пьесадағы композитордың сығандардан таяқ жегені туралы эпизодтың ойдан шығарылғаны және оның беделіне нұқсан келтіретіні айтылған еді.